∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Молда баққанша, өгіз бақ

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Молда баққанша, өгіз бақ
3. Авторы (Айтушы)
4. Жинаушы, тапсырушы:
Құлпейісов Е.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.1122, 11-дәптер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 2, парағы — 2, жол саны — 17, 20,5х16; 7,5х14,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиялы қаламмен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Қара Жүсіптің дәулетті, өз алдына мешіт ұстаған бір туысқаны қайтыс болып, тоғыз молданы қырқына дейін Құран бағыштауға алып қалыпты. Және молдаларды күту қамы Қара Жүсіпке жүктеліпті. Бір жеті әрең шыдаған Қара Жүсіп сегізінші күні шыдамай үйден шығып кетіпті. Жолда кездескен бір кісі мұның жайын сұрағанда: «Қарны қабақтай тоғыз молда баққанша, тоқсан өгіз баққан әлде қайда артық екен» деп жүре беріпті.
13. Басы:
Қара Жүсіптің бір ауқатты, өз алдына мешіт ұстаған жақын ағайыны қайтыс болады.
14. Соңы:
Әуре боп мені іздемей-ақ қойсын, қашып барамын, – деп кете барыпты.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек