∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Мәртебең дүниең болса асады екен...
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Мәртебең дүниең болса асады екен…
3. Авторы (Айтушы)
Нұров Ыбырай
4. Жинаушы, тапсырушы:
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1936 жылы, Қарағанды.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.432.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 4, парағы — 2, жол саны — 28, 20,5х29 ; 15х23
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
А 4 форматтағы қағазға машинкамен басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
1916 жылы жаз айында «қазақтан солдат алады» деген хабар келді. Кешікпей-ақ хабар шындыққа айналды. Жастарды болыс-билер тізімдей бастады. Тізімге іліккендер жұмысты тастап, Қарағандыдан қашып кетіп жатты. Спасс заводының сыртқы жонына халық қаптап кетті. Ауыл адамдары мен жұмысшылар. Көтерілісті басқарушылардың бірі – Бекбосын Сыйқымбаевтың Бөлеген деген інісі еді.
13. Басы:
Біздің атамыз Елкелдіге түсінде бейтаныс бір адам «өлең аласың ба, көген аласың ба» дегенде, «өлең аламын» деген екен.