∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қытай жігітінің сыйлығы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қытай жігітінің сыйлығы
3. Авторы (Айтушы)
Хасенханов Өміртай
4. Жинаушы, тапсырушы:
Мұхамеджанов Д., Әбілқасов Ғ.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990 ж., Мәтінді Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультеті студенттері фольклорлық практика кезінде жазып алған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
ӘӨИ: Қ.936
8. Бет, жол саны, өлшемі
Бет саны — 2, парағы -1, жол саны — 39, 20х28; 21х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қағазға көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Әңгіме
12. Қысқаша мазмұны
Тайжан елдің бетке ұстар ақындары мен термеші жігіттерін ертіп, Атбасар жәрмеңкесіне барады. Өзі сырнаймен белбеулетіп ән салып, жиналғандардың назарына ілігеді. Осы жәрмеңкеде сырнайды құйқылжыта тартып, атын билететін қытай жігіті елге өнер көрсетіп жүреді. Тайжанды оның сырнайының жаңа әрі үнділеу екендігі қызықтырады. Тайжан одан: «Сенің атыңды билете алсам, не берер едің?» деп сұрайды. Жігіт атын тек өзі ғана билете алатынын айтады. Тайжан оның атын билетіп берсе, қытай жігіт сырнайын сыйға тартатын болып, екеуі бәс тігіседі. Тайжан өзінің сырнайымен небір әуенге салады. Бірақ ат билей қоймайды. Сосын, болмаған соң жігіттің сырнайын сұрап алып, нағашысы үкілі Ыбырайдың «Гәккуін» тамылжыта тартады. Сол-ақ екен, ат билей жөнеледі. Қытай жігіт егер дау туғызғысы келсе, Тайжанның алғашқы сәтте-ақ ұтылғанын әрі атты билеткен сырнай өзінікі екенін тілге тиек етер еді ғой. Бірақ ол Тайжанның асқан өнеріне риза болып, жаңа сырнайын сыйға тартады. Бұл сырнайды ақын ұзақ жылдар бойы айнымас серігі етеді.
13. Басы:
Тайжан бірде Атбасар жәрмеңкесіне барады.
14. Соңы:
Сыйлық сырнай ақынға көп жыл айнымас серік болып, шабытына шабыт қосқан екен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Алмас Оралбек