Баяғыда Қыдырбай деген кісі өзінің ауылынан ұзаққа шықпаған екен. Бәрі барған жерлерін айтып отырғанда, Қыдырбай өзінің сонау Қызылсуға дейін барғанын айтады. Сөйтсе Қызылсу ауылдың түбіндегі өзенше екен. Бір күні ұзақ жол жүріп, ауылға қайтып келе жатқанда адасыпты. Сонда қасындағы кісіге Қызылсуды тапса, ауылды өзі табатынын айтқан екен.