∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Қоштасу
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Қоштасу
3. Авторы (Айтушы)
Бөлекенова Зәкира — бұрынғы Қостанай облысы Комсомольск ауылының тұрғыны. Басқа мәлімет кездеспеді.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бекхожина Талиға. Ол туралы мәлімет 50-сипаттамада берілген.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1965 жылы Қостанай-Орынбор экспедициясы кезінде 12 тамызда жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ
7. Шифры
Ш. 625 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2. П.2; Ж.36; 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кирилл әрпінде жазылған. Машинкаға терілген. Әр бетке бір қатардан орналасқан. Қолжазба желімделген, қағаздары есмкірген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі
11. Жанры
Қоштасу, сыңсу
12. Қысқаша мазмұны
Мәтіннің басқа сыңсу мен қоштасулардан ерекшелігі қыз ең бірінші сүйікті жеңгесімен, сосын әке-шешесімен қоштасады. Қыз ғұмырының қысқа болғанын айтып налиды.