Бекхожина Талиға (1919-1995) – музыкатанушы, қазақ фольклорының, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы, әнші. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тамамдап, ол ұзақ жылдар бойы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет атқарды. Ол қазақ халқы ауыз әдебиеті үлгілерінің ноталық жазбаларын жасау арқылы қазақ жырлары мен өлеңдері үлгілерін айтушылардың әуендеріне мәңгі өмір сыйлады. Бекқожинаның еңбектері мынадай жеке кітаптар түрінде жарық көрді: «Қазақтың 200 әні» (1972), «Қазына» (1979), «Шәкәрім» (1989), «Даланың назды саздары» (1996).