∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қоштасу

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қоштасу
3. Авторы (Айтушы)
Бегісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Тілеужанов Мәтжан (1927-1995) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Батыс Қазақстан аумағынан фольклорлық мұраларды ұзақ жыл бойы жинап, Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырған. Сондай-ақ республикада тұңғыш рет «Этнопедагогика және фольклор» кабинетін ұйымдастырып, ел ішіндегі қолөнер туындыларын жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Батыс Қазақстан облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.910/1 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; П.4; Ж.18. 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпімен жазылған. Түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі.
11. Жанры
Сыңсу, қоштасу
12. Қысқаша мазмұны
Ұзатылғалы тұрған қыз қоштасу өлеңінде жеңешесімен, апасымен, бауырымен, әкесімен, шешелерімен қоштасады. Әрбірімен қарым-қатынасын айтып, сөзін арнайды. Жат жұртқа барғанда тез сіңіп кете алмайтын қыз тағдыры жайында айтады. Бауырларына артынан іздеп барып тұруын сұрайды. Ағасының өзін ешкімге бермеймін деп, ұзатып жатқанына назын да білдіреді.
13. Басы:
Ақ өрмек жолын құрайын, Еркелеп кімге тұрайын.
14. Соңы:
«Шеше-шеше» деуші едім, Есен-аман бол, шешелер!
15. Қосымша мәлімет
Жоқ
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Ернат Жаманбалинов