∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Қоштасу
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Қоштасу
3. Авторы (Айтушы)
Нұрмағанбетов Баймолда — бұрынғы Торғай облысы, Арқалық ауданы, Қайыңды ауылының тұрғыны. 1907 жылы туған. Ескіше ауыл молдасынан сауат ашқан. Еңбек, соғыс ардагері.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Шәкірова Қ. — Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенті (1990 жыл)
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы студенттерінің фольклорлық практика кезінде жинаған материалдары.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Ш.925 (ӘӨИ)
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.18. 28х19; 20х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Кеңсе қағазына көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Әр бетке бір қатардан орналасқан.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпі. Еуропа цифрымен беттелген.
11. Жанры
Сыңсу
12. Қысқаша мазмұны
Шығармада ұлдың орнына ұл, қыздың орнына қыз болып өскен бойжеткеннің ұзатылып бара жатқанда айтқан сыңсуы. Бір үйдің жалғыз қызы «басқа елге барғанда жағдайым қалай болар екен» деп уайымдайцды. Мәтіннен ерке қыздың теңіне риза еместігін аңғарамыз.
13. Басы:
Қамысқа сылдырлаған сырғам түсті, Жадыма сырласпаған апам түсті.