Қалмақтар Шарыш сынды батырды өлтірген Абылайды ұзақ уақыт іздеп, ақырында ұйқыда жатқан кезінде Абылайды ұстап, Ғалдан ханға тапсырды. Қазақ елі қалмаққа бірнеше рет игі жақсыларын жіберіп, Абылайды босатып ала алмайды. Россия патшасы Екатеринаға айтып, ол қалмақ ханына генерал Нефельдиев бастаған өкілдер тобын жібереді. Жолшыбай оларға қазақтың тоқсан адамы қосылып, Ғалданның ордасына барып түседі. Қалмақтар оларды құрметті қонақ ретінде үш ай күтеді. Күндерде бір күн қалмақ ханы орыс, қазақ меймандарын, өзінің билері мен батырларын, басқа да игі жақсыларын жинайды. Ғалдан Церен тұтқындағы Абылайды жазалайтынын, Шарыштың орнына өлетінін айтып, қандай арманы бар екенін сұрайды. Сонда Абылай: – Бірінші арманым мен Шарыш батырды қалмақ пен қазақтың қан майданында өлтірдім. Ал сіз мені ұйқыда жатқан жерімде ұстап алып, өлтіргелі отырсыз. Қан майданда алысып, күші басым адамның қолынан өлмегеніме өкініштімін. Екінші, қазақ елі бытыраңқы, көшіп-қонып жүрген ел еді. Жоғары атаққа ие болған күндерімде сол елді отырықшыландырып, ортасына мәдениет ұрығын себуді арман етіп едім. Сол арманыма жете алмадым. Үшінші арманым: Абылай батырдың жұрағатымын. Сол әулеттен жалғызбын, әлі үйленгенім жоқ. «Егер қазір өліп кетсем, Абылайдан бергі төрт ата дүниеге келмегендей болады-ау! – деп уайымдаймын». Абылайдың ақырығы тілегі, ханның жүрегін жібітеді. Ғалдан хан Абылайдың күнәсін кешіріп, Әмір Санамен екеуін дос қылды да, хан тұқымынан бір қыз береді.