∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Абылайды тұтқыннан босаттырған батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Абылайды тұтқыннан босаттырған батыр
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушы: Сақауова Ж.Б.; тапсырушы: Рахымов Б.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
6. Мекеме (қор иесі)
М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
Ш. 621
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П.28; Ж.51. 20х17,5; 19х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда қазақ-қалмақ шапқыншылығы кезіндегі тарихи оқиғалар сөз болады. Қазақтың қолын Абылай, қалмақтардың қолын Қалдан Серен бастаған бір соғыста дәстүр бойынша екі жақтан екі батыр жекпе-жекке шығады. Қазақ батыры жеңіп шығып, қалмақтың атын ұстап әкеліп алдына тартқанда, қалмақ батыры есімін сұрайды. Ол Барқының ұлы батыр Нияз екен. Ертеңіне Қалдан Серен Ниязды арнайы ордасына шақыртады. Батырдың алдына қызыл кілем төсеп күтсе де, ханның шатырына дейін атынан түспейді. Хан ашуланып қылышын суырғанда, Нияз төсін айқара ашады. Хан құрметтеп аттан түсіріп алады. Кешегі жеңген батырын көп батырдың ішінен танып біледі. Оған разы болған Қалдан Серен: «не тілерің болса, сұра» дейді. Батыр Нияз үш тілек айтады. Бірінші, екі арадағы соғысты тоқтату, екіншісі, таласып жатқан екі көл мен екі төбені қазақтың өзіне беру, үшіншісі, «тілегім мойныңда қалсын, кезегі келгенде, кезінде сұрармын», – дейді. Қалмақ ханы келісіп, екі жақ тарасады.
13. Басы:
Атақты Абылай хан тұсында қазақ пен қалмақ арасында әртүрлі соғыстар мен сойқан соқтығыстар аз болмаған.
14. Соңы:
Мен соған өкініп, бармағымды тістеп отырмын, – депті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Сәрсек Н.