Ертегінің көлемі 47 бет. Қауар заман шаһарының 16 жастағы патшасы Акрам Мәліктің туған күніне жасаған салтанатты тойы, тойға әкелген ғажайып сыйлықтар, олардың ішінде сағатшы Алқаптың қызы Марзун сұлудың он екі басты алтын сағат сыйлық әкелуі, жас патша Акрам Мәліктің бұл сыйлыққа таң қалып, Марзун сұлуға ғашық болуы, Акрам Мәлік пен Марзун сұлудың тойы, тойға әкелінген сыйлықтар, ойын-сауық тамашалар. Берілген бәйге – сыйлықтар. Күндердің күнінде бұларды Қатран атты ұл көріп, оны өсіріп тәрбиелейді. Жігіт болған кезінде Басра шаһарының патшасы Ғалисап Ариинның жалғыз қызы Ақагүл сұлуды алып беруі, төңіректегі патшаларды тойға шақыруы, қалың мал, тойға арналған соғыс, тігілген бәйге-сыйлықтар, балуан күресінде Қауар Заман шаһарынан Беренгүл сұлу деген қыз ердің киімін киіп жігіт болып күреске түсіп, он сегіз балуанды жығып бас бәйге алуы. Арон Рашит патшаның отыз жастағы уәзірі Мағмурдың бұл балуан қызға ғашық болуы. Екі патша құда болып Беренгүл сұлуды (балуанды) Мағмур уәзірге алып беруі, бұлардың той салтанаты (төрт қыздың жалаңаш келіп қалың халық ортасында төрт шарды тістерімен шешіп алып, бас бәйге алуы). Қызға арналған ғажайып жасаулар, Беренгүл сұлуды ұзату салтанаты ұзақ хикая етіледі.