Балық патшасы Суардың бір ұлға зар болуы, күндердің күнінде оның кіші әйелі жүкті болып бір ұл тауып, атын Мансұр зар қойып отыз күн ойын-қырық күн тойын өткізіп қызыққа батуы, патшаның оң қол уәзірі Шахизаттың Мансұр зады патшалардан сұрап алып, жеке бағып-тәрбиелеуі, Шахизат уәзірдің бұл баланы көтеріп алып жүріп ділдә ақша үлестіріп, бүкіл шаһар халқынан бақыр-мүсін, жетім-жесірлерден бата сұрауы. Мансұр задының ел данада тәрбиеленіп, 18 жасқа келгенде аралдан сарай салдыруы. Теңіздің арғы бетіндегі – Кеңған шаһарының патшасы Әбдісеттің қызы Мармар сұлуға ғашық болып, көп қиыншылық жапа шегуі. Мансұр зады Мармар сұлуға жолығып, қолға түсуі, барлық жапа-қиыншылықтардан құтылып, екі ғашықтың қосылуы. Шахизат уәзірдің бұларды алып Балық патшасы Суарға қайта оралуы. Суар патшаның шарттартағы алты патшалық елді шақырып тойын жасауы, барлығы мұраттарына жетіп, алты дәуір өткізгендігі айтылады. Ертегі бір уақиғадан бір уақиғаға ұласып қызықты баяндалады.