5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
1 желтоқсан, 1958 жыл, бұрынғы Семей облысы, Үржар ауданы, Үржар селосы, Жамбыл көшесі, 3-үй.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
7. Шифры
Қ.116, 2-дептер.
8. Бет, жол саны, өлшемі
Беті — 21; Парағы — 11; Жол саны — 20. Өлшемі: 20х16,5; 19х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді оқушы дәптеріне жасыл көк сиямен жазылған. Қолжазба жөндеуден өткен.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде.
11. Жанры
Ертегі.
12. Қысқаша мазмұны
Бұл ертегіде жас кезінде батырлығымен елге танылған Мамай батырдың екі арманы туралы әңгіме болады. Мамай батыр жас кезінде өзі жіберген екі үлкен қателікке өмір бойы өкініш жейді.