Ағзам шаһарында Қасым Жомарт атты патша, Мәмбет Нәбит атты бас уәзір болады. Бас уәзірдің жалғыз ұлы Абзал өсіп, ер жетіп, қасына жиһанкез Сағдар сақ деген керуен басы етіп Мысыр шаһарына 250 түйе сауда бұйымдарын алып сапар шегеді. Әкесінің “Өз патшалығымызда жоқ дүние мүлік алыңдар” деген тапсырмасы бойынша барлық дүние мүліктерін беріп, күміс, алтын жасатқан әшекейлі-өрнекті бір кемер белбеу, неше түрлі ою кестелер тақиялар алып, қайта өз шаһарына қайтады. Бұл бұйымдарды Ағзам патшаға тарту етіп, патшаны, уәзір әкесін таң қалдырып, ризашылықтарын алады. Патша уәзірлер құрау мол керуенмен бұларды, тағы шаһарда жоқ заттарды әкелуге бұйырады. Керуен басы Сағдар сақ пен уәзірдің баласы Абзал ұзақ жол жүріп, Мысыр шаһарындағы бұрынғы өздеріне кезіккен ақылгөй жалғыз шалға келіп, ақыл сұрайды. Шал “осы шаһарда өте өнеркеш, асқан суретті, әрі сұлу, әрі ақылды Қыпша атты бір қыздың барлығын айтады. Бұлар 250 түйе алтын, қазына мүліктерін беріп, осы Қыпша сұлуды алады. Патша және уәзір, әкесі бұған өте риза болып отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізіп, қыздыққа батады. Күндердің күнінде Қыпша сұлу ата-анесінен сұранып өз ел-жұртына оралады. Оларды риза етіп той-думан қызыққа батып, жасырын сақтап жүрген, өзінің сызған он сегіз мың ғаламның суретін тауып алып, қайта Ағзам шаһарына қайтады.